Еурокомиссия қызметкерлеріне TikTok желісін пайдалануға тыйым салды

0
619

Енді әр қызметкер наурыздың 15-іне дейін қосымшаны барлық құрылғыдан өшіруге тиіс.


Еурокомиссия қызметкерлеріне TikTok желісін пайдалануға тыйым салды

Еурокомиссия қызметкерлерге корпоративтік телефондар мен гаджеттер арқылы TikTok желісін қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шара киберқауіпсіздік мақсатында қабылданған.

Енді әр қызметкер наурыздың 15-іне дейін қосымшаны барлық құрылғыдан өшіруге тиіс. Өз кезегінде қытайлық компания өкілдері бұл шешімнің қате екенін мәлімдеді. Бұл әлеуметтік желіні АҚШ-тың федералды үкіметіне тиесілі құрылғыларда да қолдануға болмайды.