Шешім Еуропаның Мәскеуге салған бесінші санкциялар пакетіне кіреді.
ERNUR.KZ. Бүгін Еуроодақтың Ресей көмірін импорттауға қатысты шектеу заңы күшіне енді. Еурокомиссияның болжамынша эмбарго Ресей экспортының 25 процентін қысқартады, деп жазады baq.kz.
Бұл шамамен жылына 8 млрд еуро. Енді Одаққа мүше елдер шикізатты Колумбия, Австралия мен Оңтүстік Африка Республикасынан импорттайды. Ал, Ресейлік компаниялар бұдан былай тауарын Үндістан мен Түркияға саудаламақ.
Естеріңізге салайық, Батыс елдері Ресейдің көмірі мен өзге де қатты отын түрлерін сатып алуға, жеткізуге және транзитпен тасымалдауға шектеу қоятыны жайлы сәуір айында хабарлаған.
Шешім Еуропаның Мәскеуге салған бесінші санкциялар пакетіне кіреді.