Еуропадағы ең діни мемлекет бір жынысты некені заңдастырды

0
639

Жаңа заңды грек Парламентінің 245 депутатының 176-сы қолдап дауыс берді.


Еуропадағы ең діни мемлекет бір жынысты некені заңдастырды

ERNUR.KZ. Бейсенбіде Грекия парламенті бір жынысты некені заңдастыруға және мұндай отбасылардың бала асырап алуына рұқсат берді. Грекия әлемдегі бір жынысты некені заңдастырған 37-ел, ал православие елдерінің арасында мұндай қадамға барған алғашқы мемлекет болып отыр, деп жазады stan.kz.

Жаңа заңды грек Парламентінің 245 депутатының 176-сы қолдап дауыс берді.

Мұндай жаңашылдықты премьер-министр, Жаңа демократия консервативті партиясының жетекшісі Кириакос Мицотакис ұсынды.

Премьердің партиясынан сайланған он шақты депутат бұл заңға қарсы болды. Дегенмен оппозициядан қолдағандар аз емес, оның ішінде көшбасшысы Стефанос Касселакис гей болған солшыл Сириза партиясынан депутаттар заңдастыруды қолдап дауыс берді.

"Бұл қазіргі Грекияны — еуропалық құндылықтарға құмар прогрессивті, демократиялық елді бейнелейтін адам құқықтарын қамтамасыз етудегі тарихи кезең", - деп жазды премьер-министр Мицотакис Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).

Пікірталас кезінде парламентте сөйлеген сөзінде Мицотакис жаңа заң қоғамға зиян тигізбей, бірнеше грекиялықтың өмірін жақсартатынын айтты.

Айта кетейік, елде Грекия (Эллада) православие шіркеуі мемлекеттік, конституциялық "басым дін" мәртебесі бар. Сондай-ақ шіркеуді қастерлейтін Мицотакис партияластары бір жынысты некені заңдастыруға үзілді-кесілді қарсы.

Ал шіркеу басшысы, Афина архиепископы және бүкіл Эллада Иероним II, жаңа заңды қабылдауды қоғамның құрылымын бұзатын жаңа шындықтарды енгізу әрекеті деп бағалады.

Жексенбіде Афинада жаңа заңға қарсы демонстрация өтті. Оған төрт мыңға жуық адам шықты.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, Грекия — Еуропадағы ең діни ел. Американдық Pew зерттеу орталығының бағалауы бойынша, Грекия тұрғындарының 90% өздерін православие христиандары деп санайды, олардың 58% дін олардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады деп есептейді. Десек те шіркеуге тек 16% барады, бұл — бүкіл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш.

AFP агенттігі 2015 жылы Сириза партиясы елді басқарған кезде бір жынысты азаматтардың азаматтық некесіне рұқсат берілгенін жазып жатыр. Осы партияның жетекшісі Стефанос Касселакис былтыр қазан айында АҚШ-та серіктесімен некеге тұрды. Оның бұл әрекетін консервативті гомофобиялық саясаткерлер сынады.

Сириза үкіметі кезінде қабылданған заң бір жынысты ерлі-зайыптылардың бала асырап алуына мүмкіндік бермеді. Ресми түрде бір серіктес қана бала асырап алуына болатын еді. Ол кезде бір жынысты ерлі-зайыптылардың мұра қалдыру мәселесі де заңмен реттелмеген еді.

Грекияның ЛГБТ ұйымдары жаңа заңның қабылдануын құптап жатыр. "Бүгін— қуаныш күні!"- деп жариялады "Грекияның кемпірқосақ отбасылары" ЛГБТ ұйымы әлеуметтік желіде.