Еуропалықтар Қытайға визасыз сапарлайды

0
735

Францияның сыртқы істер министрі қытайлық студенттерге дипломын алғаннан кейін Францияда тағы 5 жыл қалуға мүмкіндік берілетінін мәлімдеді.


Еуропалықтар Қытайға визасыз сапарлайды

ERNUR.KZ. 1 желтоқсаннан бастап еуропалықтар Қытайға визасыз сапарлайды. Қытай үкіметі Франция, Германия, Италия, Испания мен Нидерланд азаматтарына 15 күнге визасыз кіруге рұқсат етті, деп жазады zakon.kz.

Аспан асты елінің бұл шешіміне Еуропа мемлекеттері де оң жауап қайтармақ.

Францияның сыртқы істер министрі қытайлық студенттерге дипломын алғаннан кейін Францияда тағы 5 жыл қалуға мүмкіндік берілетінін мәлімдеді.

Германия тарапы "визасыз режимді Қытай үкіметі Еуропалық Одақтың өзге елдеріне де жасайды"-деп үміттенеді.