Талибан" қозғалысына АҚШ заңына сәйкес террористік ұйым ретінде санкциялар салынған. Сондықтан Facebook қауіпті ұйымдарға қатысты саясатқа сәйкес платформаны пайдалануға тыйым салған.
ERNUR.KZ. Facebook әлеуметтік желісі "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп санайтынын растады, сондықтан тәліптерді қолдайтын мазмұндағы ақпаратты таратуға және жариялауға тыйым салды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Талибан" қозғалысына Қазақстанда Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.
Компания "халықаралық қауымдастық шешімін" қолдайтынын мәлімдеді. "Талибан" қозғалысына АҚШ заңына сәйкес террористік ұйым ретінде санкциялар салынған. Сондықтан Facebook қауіпті ұйымдарға қатысты саясатқа сәйкес платформаны пайдалануға тыйым салған.
"Бұл дегеніміз, тәліптер басқаратын немесе олардың атынан жұмыс істейтін парақшаларды бұғаттайымз және оларды дәріптеуге, қолдауға және таныстыруға тыйым саламыз", - деді компания өкілі.
Ол Facebook-те "Талибанға" қатысты мазмұндағы ақпаратты бақылау және жою үшін сарапшылардың арнайы тобы бар екенін баса айтты.
Бұл саясат Facebook платформаларына қатысты, әсіресе Instagram мен WhatsApp.