Фейсбук әлеуметтік желісінің әкімшілігі алдымен жалған парақшаларды өшірді. Содан соң заңды қолданушысы бар парақшаларды бұғаттауға кірісті.
Фейсбук әлеуметтік желісінің әкімшілігі алдымен жалған парақшаларды өшірді. Содан соң заңды қолданушысы бар парақшаларды өшіруге кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ eg.ru сайтына сілтеме жасап.
Фейсбук желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг жүздеген аккаунттар мен парақшалардың өшірілу себебі - ресейлік «тролльдер фабрикасы» деп түсіндірді.
"2016 жылғы АҚШ-та президент сайлауына араласқан аккаунттарды жауып тастадық", деп мәлімдеме жасады.
«Олар әлемдегі адамдарды бірнеше жыл көлемінде жалған ақпаратпен алдап келеді, біз ол аккаунттардың фейсбукте бар болғанын қаламаймыз»,- деді Марк Цукерберг
3 сәуір күні Ресейдегі «Журналистская правда», «Невские новости», «Экономика сегодня» желілері ешқандай түсіндірусіз жабылып қалған.