Бұған дейін FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтата тұру мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартқан еді.
Фото: Zakon.kz Павел Михеев
Бұл туралы 16 сәуір 2026 жылы лоукостердің Telegram-арнасынан белгілі болды:
"FlyArystan Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызға дейін қоса алғанда тоқтататынын хабарлайды".
Сондай-ақ тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтару мүмкіндігі берілетіні айтылған. Билеттерді ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы сатып алған жолаушылар ақшаны онлайн түрде қайтара алады. Ал туристік агенттіктер және басқа сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша қайтарымды сол жерге жүгіну арқылы рәсімдеу қажет.
Бұған дейін FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтата тұру мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартқан еді.


