Франция президенті Макронды келіншегі Брижит бетінен шапалақпен ұрып жіберді

0
194

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, талқыланып жатыр.


Франция президенті Макронды келіншегі Брижит бетінен шапалақпен ұрып жіберді

Фото: nv.ua

ERNUR.KZ. Видео Франция президенті Эммануэль Макрон мен елдің бірінші ханымы Брижит Макронның Вьетнамға ұшып барған сәтінен таспаланған, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ-тың Associated Press агенттігінің Ханой әуежайында түсірген кадрлары әлем жұртшылығын елең еткізді.

Онда президент ұшағының есігі ашылған кезде Эммануэль Макронның бетінен біреудің салып қалғанын байқау қиын емес. Мұндайды күтпеген әрі өзін операторлардың бейнежазбаға түсіріп жатқанын көрген ол дым болмағандай кейіп танытады. Сасқанынан тез арада қолын көтеріп, амандаса жөнеледі. Ізінше ұшақ ішінен Брижит Макронның өзі де шығады.

Ұшақтан түсерде Эммануэль Макрон әйеліне қолын ұсынған, бірақ Брижиттің оны кері қайтарып, баспалдақ жиегінен ұстап түскені бейнежазбаға жазылып қалған.

Елисей сарайы видеодағы жайтты растамаған. Видеоның жасанды интеллект арқылы жасалып, ресейшіл аккаунттарға таратылғаны туралы ақпарат берген.

Кейіннен президенттің жақын досы ерлі-зайыптылар арасында болмашы жанжал туындағанын растаған.