Францияда 9 жасар қызды күйеуге бермек болған

0
90

Сол жерде "қалыңдықтың" 41 жастағы анасы да болған.


Францияда 9 жасар қызды күйеуге бермек болған

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Францияда 9 жастағы украиналық қызға үйленбек болған ер адам қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, 21 маусым күні Париждегі Диснейленд қызметкерлері полиция шақырған. Олар таңсәріде өткізілуі тиіс жеке шараға бала мен оның отбасымен бірге шамамен 100 қонақтың келгенін байқаған.

Мерекенің ұйымдастырушысы — 22 жастағы "күйеу жігіт", Ұлыбритания азаматы болып шықты. Сол жерде "қалыңдықтың" 41 жастағы анасы да болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына тез жетіп, ер адам мен әйелді ұстады.

Прокуратура бұл "үйлену тойының" қойылым болғанын айтып отыр. Күйеу жігіт полицияға өзін продюсерлік компанияның директоры деп таныстырып, видео түсіріп жатқанын түсіндіруге тырысқан.

Дегенмен, 9 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталмаған. Соған қарамастан, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.