Францияда автобус аударылып, 40-қа жуық адам зардап шекті

0
63

Жергілікті билік бұл оқиғаны «Каэтано» дауылынан кейінгі ауа райының нашарлауымен байланыстырды.


Францияда автобус аударылып, 40-қа жуық адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Францияда жолаушылар автобусы 5 көлікке соғылды. Апат салдарынан 5 адам ауыруханаға жеткізілді, бұдан бөлек тағы 31 жолаушы зардап шекті, деп жазады kaz.inform.kz.

Оқиға Францияның Шевили-Ларю (Валь-де-Марнпрефектурасы) аумағында болған. Көмекке 80-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Жергілікті билік бұл оқиғаны «Каэтано» дауылынан кейінгі ауа райының нашарлауымен байланыстырды. Аумақта жауын, қар жауып, жолдарда көктайғақ болған. Оның үстіне Валь-де-Марн префектурасында ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіптіліктің қызғылт-сары дабыл деңгейі жарияланды.