Германия Қырғызстанның 5 ірі инвестор елдер қатарына кіретін болады – Жапаров

0
236

Бұл туралы Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметі мәлім етті.


Германия Қырғызстанның 5 ірі инвестор елдер қатарына кіретін болады – Жапаров

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға жұмыс сапары барысында Германия канцлері Олаф Шольцпен бірге Қазақстан астанасына келген неміс кәсіпкерлерімен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Жапаров кездесуден кейін атап өткендей, келіссөздер Қырғызстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді.

"Қолайлы инвестициялық ахуалды құруға және меншікті қорғауға бағытталған нормативтік актілер кешені қабылданды", - деді ол.

Жапаров сонымен қатар бизнес үшін салық жүктемесінің төмендеуі мен тікелей шетелдік инвестициялардың өсуіне ықпал ететін инвестициялық маңызы бар компанияларға жеңілдіктер беру туралы айтты. Оның айтуынша, Германия Қырғызстанға инвестиция көлемі бойынша жетекші бес елдің қатарына кіретін болады.

Сонымен қатар, ол гидроэлектростанциялар құрылысында, жаңартылатын энергетика мен логистиканы дамытуда ынтымақтастық мүмкіндігіне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, неміс кәсіпкерлері Қырғызстанмен ынтымақтастыққа, әсіресе энергетика, логистика, өнеркәсіп пен жастардың біліміне қызығушылық танытты.

"Қырғызстан неміс бизнесімен белсенді диалогқа ашық әрі бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға дайын", — деді Жапаров.