Германияда шолу шеңберінде болған өрттен 65 адам зардап шекті

0
314

Шолу шеңберіндегі өрт Лейпциг қаласына жақын жерде сенбі күні кешкісін болған.


Германияда шолу шеңберінде болған өрттен 65 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Немістердің федералды жері - Саксонияда жыл сайын ұйымдастырылатын Highfield музыка фестивалі өтіп жатқан кезде шолу шеңберінен өрт шығып, 16 адам ауруханаға түсті, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, DPA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды ресейлік РИА Новости.

Шолу шеңберіндегі өрт Лейпциг қаласына жақын жерде сенбі күні кешкісін болған. БАҚ өкілдері алғашында 30 адамның зардап шеккенін хабарлады.

«Лейпцигтегі фестиваль кезінде шолу шеңберінен шыққан өрттен зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады», деп жазады DPA.

Зардап шеккендердің 4-уі күйіп қалғаны, біреуі құлаған кезде жарақат алғаны айтылады. Барлығы 65 адам зардап шекті. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.