Германияда жойқын торнадо соғып, үйлерді жайпап өтті: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

0
118

​Желдің екпіні үйлердің қабырғаларын қиратқан.


Германияда жойқын торнадо соғып, үйлерді жайпап өтті: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. 19 тамыз кешкісін және 20 тамызға қараған түні Германияның бірнеше аймағында жойқын дауыл соғып, нөсер жауын жауды. Табиғи апаттан ондаған ғимарат бүлініп, бір адам қаза тапты, бірнешеуі жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вальдорф ауылында серуендеп жүріп, дауылдан орындықтары бар бастырма астына жасырынбақ болған екі әйелдің үстіне ағаш құлаған. 58 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал оның 47 жастағы серігі ауруханаға жеткізілді.

Желдің екпіні үйлердің қабырғаларын қиратқан. Кем дегенде екі ғимарат қатты зақымданды. Дауыл бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратып, электр энергиясының жаппай өшуіне әкеп соқты.

Битбург-Прюм ауданында ағаштар тасжол мен теміржолға құлаған. А61 автобанында жүк көлігі аударылып қалды.

Тюрингияда, сондай-ақ Баварияның Төменгі Франкония аймағында құлаған ағаштар қойылған көліктерді басып калған, жертөлелерді су басқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл аймақтарда зардап шеккендер жоқ.

Метеорологтар Баден-Вюртемберг және Бавария аймақтарында әлі де дауыл болуы мүмкін екенін ескертеді.