Ел аумағындағы өзендерге енді құндыздар жіберілмек.
ERNUR.KZ. Британдықтар экологтар климаттың өзгеруіннен болатын, су тасқындарымен күресудің тың тәсілін тапты. Яғни ел аумағындағы өзендерге енді құндыздар жіберілмек. Өйткені бұл жануарлар су айдындарында бөгет салуға бейімделген, дейді олар, деп жазады 24.kz.
Тың әдістің тиімділігін тексеру мақсатында мамандар бір топ құндызды өзен жағасына жіберіп, арнайы тәжірибе өткізген. Және ол айтарлықтай нәтиже берген.
Айта кетейік, бұл жануарлар Ұлыбритания жерінен жойылып кетуге шақ қалған. Себебі құндыздардың терісі өте жоғары бағаланғандықтан, аңшылар оларды аулап, күн-көріс көзіне айналдырған.
Бірақ соңғы он жылда мамандар олардың популяциясын көбейтуге тырысып келеді.
"Біз құндыздардың өмірін жіті бақыладық. Кейде олар қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасайды. Тіпті бірегей жүйе қалыптастыруға қауқарлы. Жаңа жылға құрып, өзен арналарын өзгерте алады. Арнайы жүргізілген тәжірибе барысында оң өзгерістерді байқадық", - дейді Devon Wildlife Trust Бас директоры, Гарри Бартон.