​Гиннес рекорды: Өзбекстанда инженерлер бір күнде 1946 робот құрастырды

0
119

Аталған номинациядағы алдыңғы рекорд 2023 жылғы 23 қаңтарда Үндістанның Бхопал қаласында тіркелген болатын.


​Гиннес рекорды: Өзбекстанда инженерлер бір күнде 1946 робот құрастырды

Фото: Азертадж

ERNUR.KZ. Өзбекстанда бір күнде 1 900-ден астам робот құрастырылып, ел Гиннес рекордтар кітабына енді, деп жазады inform.kz..

Өзбекстанда жаңа әлемдік рекорд орнатылды – 1946 жас инженер бір мезетте 1946 робот құрастырды.

Агенттік өзбек БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлағандай, бұл жетістік Гиннес рекордтар кітабының өкілдері тарапынан ресми түрде тіркелген.
Рекорд «Muhandislik Missiyasi» («Инженерлік миссия») атты инженерлік фестиваль аясында орнатылды.
Аталған номинациядағы алдыңғы рекорд 2023 жылғы 23 қаңтарда Үндістанның Бхопал қаласында тіркелген болатын. Ол кезде 1459 мектеп оқушысы егін егу мен өсімдіктерді күтуге арналған ауылшаруашылық роботтарын құрастырған еді.