База жарылыс болған футбол алаңынан шамамен үш шақырым жерде орналасқан.
ERNUR.KZ. Израиль әскерилерінің мәліметі бойынша, Израиль басып алған Голан төбелеріндегі футбол алаңын атқылау салдарынан 12 жасөспірім қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп жазады kaz.inform.kz.
Израиль қорғаныс күштері зымыранның Мадждал-Шамс ауданына түскенін хабарлады. Зардап шеккендердің көпшілігі балалар мен жасөспірімдер деп болжануда.
IDF шабуылдар үшін Ливанның «Хезболла» қозғалысын айыптады, бірақ «Хезболла» медиа кеңсесінің басшысы Мохаммад Афиф Израильдің солтүстігіндегі «Мадждал-Шамстағы оқиғаға ешқандай қатысы жоқ» және барлық айыпты жоққа шығарды.
База жарылыс болған футбол алаңынан шамамен үш шақырым жерде орналасқан. Бұл шабуылдар Израильдің төрт содырдың көзін жойған Ливан территориясына жасаған соққысынан кейін жасалды.
АҚШ-та сапармен жүрген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Отанына жоспарлаған уақыттан ерте оралатынын айтты.
Сенбі күні көмекшілері оған аталған жағдай туралы хабарлады.