Видеохостингінің табысы компанияның бүкіл табысының 10 пайызына жақындаған.
ERNUR.KZ. Alphabet холдингі өзіне тиесілі YouTube видеохостингі қанша табыс табатыны туралы мәліметтерді жариялады. Компания сайтында жылдық есеп жарияланды, деп жазады Тengrinews.kz.
Alphabet - Google-дың бас компаниясы. Олар 2006 жылы YouTube желісін 1,65 миллиард долларға сатып алған болатын. Содан кейін холдинг жарнамадан түсетін табысы туралы жазбаған.
2019 жылы YouTube жарнамадан 15 миллиард доллар табыс тапқан.
Осы қызмет түрі компанияға бүкіл табысының (162 миллиард доллар) 10 пайызына жақындаған. Alphabet табысы бір жылда 18 пайызға өскен.