Google ресейлік мемлекеттік БАҚ-ты монетизациялауға тыйым салды. Осыған дейін YouTube бірқатар ресейлік БАҚ-ты монетизация жасау мүмкіндігінен айырған.
ERNUR.KZ. Google корпорациясы ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа өз сервистерінде жарнама орналастыруға тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз жаңа оқиғаларды белсенді түрде бақылап отырмыз, әрі қажет болған жағдайда тиісті қадамдарды жасаймыз", - деді Google өкілі Майкл Асиман Reuters-ке.
Ресейлік мемлекеттік БАҚ өз сайттарына қаражат тарту үшін аталған компанияның технологиясын пайдалана алмайды, әрі олар жарнама сатып алу мүмкіндігінен айырылды.