Грузияның жаңа президенті сайланды

0
502

Грузияда сайлаумен қатар наразылық акциялары өтіп жатыр.


Грузияның жаңа президенті сайланды

фото: Sputnik / Григорий Сысоев

ERNUR.KZ. Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды, деп жазады sputnik.kz.
Президент сайлауы бүгін 9:00-14:00 аралығында өтті. Ал жалғыз кандидат үшін сайлау алқасының мүшелері дауыс берді. Олардың жалпы саны – 300 адам. Бүгінгі сайлауға алқаның 225 мүшесі қатысты. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Дауыс бергендердің барлығы кандидатты қолдады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвилидің айтуынша, сайлау алқасының 224 мүшесі Кавелашвилиге дауыс берді.
"Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды ", - деді комиссия төрағасы.
Бүгінгі сайлаумен қатар наразылық акциялары да өтіп жатыр. Олар Тбилисиде орталық көшені жауып тастады. Одан кейін парламенттің жанына жайғасып алған. Полиция ғимаратты қоршауға алды. Грузияның бұрынғы президенті және наразылыққа шыққандар президент сайлауының нәтижесімен келіспей отыр.
Грузияда президенттің өкілеттілігі шектеулі. Мәселен, мемлекет басшысы рақымшылық жасап, заңдарға вето енгізе алады. Ал халықаралық қарым-қатынастарда өкілеттілік функцияларын үкіметтің келісімімен атқарады.
2018 жылы Грузия Конституциясына тиісті өзгерістер енгізілді. Негізгі мақсат – парламенттік республика құру. Осылайша президентті халық сайламағанда Грузия толығымен парламенттік республикаға айналады.