Ильхам Әлиев Әзербайжандағы сайлауда соңғы 20 жылда бесінші рет жеңіске жетті

0
194

Әзербайжан тарихында алғаш рет сайлау Қарабахта өтті.


Ильхам Әлиев Әзербайжандағы сайлауда соңғы 20 жылда бесінші рет жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бесінші рет сайланған Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын өткен сайлауда 92,1% дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, сайлауға 4 миллион 971 мың адам қатысқан. Сайлаушылардың қатысу деңгейі 76,73 пайызды құраған.
Әлиев Әзербайжанды әкесі Гейдар Әлиев қайтыс болған 2003 жылдан бері басқарып келеді. 21 жылдық биліктен кейін сайлауда тағы да жеңіске жетті. Қарабақ аудандары Бакудің бақылауына қайтарылды.
Тәуелсіз Әзербайжан тарихында алғаш рет сайлау елдің бүкіл аумағын, соның ішінде жерді басып алудан босатылған аумақ Қарабақты да қамтып отыр.
Қарабахта 26 сайлау учаскесі ашылды, ал дауыс беру тізімдеріне 23 мың адам тіркелді.
Таңертең Ильхам Әлиев отбасымен бірге жергілікті сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Ханкендиге барды. Мұнда ол 2023 жылдың 15 қазанында Әзербайжанның мемлекеттік туын көтерді.
Захид Орудж – 2,2 %, Фазиль Мұстафа – 1,99 %, Ильхам Әлиев – 92,1 %, Гудрат Хасангулиев – 1,78 %, Рази Нуруллаев – 0,79 %, Эльшад Мұсаев – 0,66 %, Фуад Әлиев – 0,48 %.
Дауыс беру барысы орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында 1000 сайлау учаскесінде орнатылған веб-камералар арқылы тікелей эфирде көрсетілді.