Илон Маск Tesla шығарған роботаксиді көпшілікке таныстырды

0
320

Миллиардер Илон Маск Голливудта көптен уәде етілген CyberCab роботаксиді қалың көпшіліктің назарына ұсынды.


Илон Маск Tesla шығарған роботаксиді көпшілікке таныстырды

Фото: rucars.ru

ERNUR.KZ. Сонымен қатар, ол таксиді шақыру үшін қолдануға болатын қосымшаны көрсетуі керек, деп жазады inbusiness.kz.

И. Маск автокөліктің құны 30 000 доллардан аспайтынын, жаппай өндіріс 2026 жылы басталуы мүмкін екенін жеткізді. Сонымен қатар ол 20 адамға дейін тасымалдай алатын робофургон тұжырымдамасын ұсынды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа көлікте руль жоқ, жасанды интеллектпен басқарылады, нақтырақ айтсақ, Tesla компаниясының автопилотын пайдаланбақ.