Әлемдегі ең бай кәсіпкердің байлығы 1 триллион доллардан төмен түсті.
Фото: BRENDAN SMIALOWSKI / AFP
ERNUR.KZ. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index рейтингінің жаңартылған деректерінен белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.
Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, SpaceX негізін қалаушының байлығы 118 миллиард долларға қысқарып, 957 миллиард долларға жеткен.
22 маусымда жарияланған мәліметке сәйкес, шығындар жасанды интеллект жобаларын қаржыландыруға бағытталған. Компания құнды қағаздарын сатылымға шығатынын жариялағаннан кейін акциялар 3 күн қатарынан төмендеген.
Сонымен қатар, 16 маусымнан бері Tesla компаниясының Nasdaq биржасындағы акциялары 4,14 пайызға арзандаса, SpaceX акциялары 17,13 пайызға азайған.


