Илон Маск ұзақ уақыт бойы адамзат үшін "сақтандыру жоспары" ретінде Марсты отарлау қажеттілігі туралы идеяларды алға тартты.
Жасанды интеллект/Ulysmedia
ERNUR.KZ. SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск жер 500 миллион жылдан кейін өмір сүруге жарамсыз болып қалуы мүмкін деп болжады, деп жазады ulysmedia.kz.
Ол өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында dogedesigner қолданушысының жазбасына түсініктеме беріп, осындай мәлімдеме жасады.
Постта күн 5 миллиард жылдан кейін жарылуы мүмкін, ал Марс адамзат үшін "құтқарушы" бола алады деген мәселе талқыланған. Алайда Маск жердің өмір сүруге жарамдылығын ертерек жоғалтуы мүмкін екенін түсіндірді:
– Күннің кеңеюі осы уақыттың 10 пайызынан кейін жерді өмір сүруге жарамсыз етуі мүмкін, — деп жазды Маск 500 миллион жыл мерзімін белгілеп.
Кейбір Х тіркелушілері Марс, жер сияқты, күн орбитасында екенін және оның кеңеюі кезінде бұл планетада тіршілікті сақтау да қиын болатынын атап өтті.
Илон Маск ұзақ уақыт бойы адамзат үшін "сақтандыру жоспары" ретінде Марсты отарлау қажеттілігі туралы идеяларды алға тартты. Кейбір сарапшылардың сенбейтініне қарамастан, ол Қызыл планетаны ғарышты игерудің және адамзаттың жерге тәуелділігін төмендетудің алғашқы қадамы ретінде қарастырады.