Иран президенті тікұшақ апатында көз жұмды

0
433

Тікұшақ апатынан тірі қалған ешкім жоқ.


Иран президенті тікұшақ апатында көз жұмды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Иранның президенті Ибрахим Раисидің тікұшағын апат болған жерден тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Иранның «Қызыл жарты ай» қоғамдастығы Иран президентінің апаттан көз жұмғанын растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін іздеу-құтқару топтары Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағының апат болған жерін тапқан еді.

Апат Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған.