Иран Раисидің тікұшағы апатына қатысты тергеуді аяқтады

0
358

63 жастағы Раиси мен қасында еріп жүрген ресми тұлғалар мінген тікұшақ 19 мамырда Иранның солтүстік-батысында тұман басқан тау баурайына құлаған.


Иран Раисидің тікұшағы апатына қатысты тергеуді аяқтады

ERNUR.KZ. Иран президенті Ибрахим Раиси қаза тапқан тікұшақ апатын зерттеген комиссияның қорытынды есебіне сәйкес, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп жазады inform.kz.

63 жастағы Раиси мен қасында еріп жүрген ресми тұлғалар мінген тікұшақ 19 мамырда Иранның солтүстік-батысында тұман басқан тау баурайына құлаған. Салдарынан президент пен тағы жеті адам қаза тапты.

Есепте апаттың «аймақтағы қиын климаттық жағдайларға» байланысты орын алғаны және тікұшақтың тауға соқтығысуына «қалың тұманның кенеттен пайда болуы» себеп болғаны айтылған.

Раиси Америкада шығарылған Bell 212 тікұшағымен ұшқан.

Ол Әзербайжанмен шекаралас Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясынан қайтып келе жатқан.