Иранда оқушыларды улаған күдіктілер қамауға алынды

0
598

Оқу орындарынан азот қышқылының қалдығы анықталды.


 Иранда оқушыларды улаған күдіктілер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Иранда жүзден астам оқушы қыз уланып, ауруханаға түсті, деп жазады baq.kz.

Осылайша, өткен жылдың қарашасынан бастап уланғандар саны 1200-ден асып отыр. «Араб-ньюз» басылымының хабарлауынша, Тегеран, Ардабил және Құмдағы мектептерге газбен шабуыл жасалған. Оқушылардың тыныс алуы қиындап, бастары айнылып құлаған. Осы іске байланысты 3 күдікті қамауға алынды. Оқу орындарынан азот қышқылының қалдығы анықталды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл фактілер қыздар мектебін жабу үшін қасақана жасалып отырғанын айтты.