Иранның көмір шахтасында жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

0
397

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның ағуы салдарынан күшті жарылыс болды.


Иранның көмір шахтасында жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

ERNUR.KZ Салдарынан 30 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, деп жазады kaz.inform.kz.

Шахта туннельдерінде әлі 24 адам қалып қойған. Әзірге тек 28 ирандық өз бетімен қашып үлгерді. Олар ауруханаға жатқызылды.

Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.

Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Сондай-ақ ол оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.

Бұл Иранның тау-кен өнеркәсібінде болған алғашқы апат емес. 2013 жылы осындай екі оқиға болып, 11 жұмысшы қаза тапты. 2009 жылы бірнеше оқиға болып, 20 жұмысшы қайтыс болды. 2017 жылы көмір шахтасында жарылыс болып, кем дегенде 42 адам көз жұмды.

Бұған тау-кен аймақтарында қауіпсіздік стандарттарының жеткіліксіздігі мен төтенше жағдайлар қызметінің болмауы себеп екені айтылады.