Ірі мөлшеде есірткі контрабандасына қатысты күдікті ұсталды

0
1 259

ERNUR.KZ. Берлин іргесінде полиция Аргентинадағы Ресей елшілігі арқылы кокаин контрабандасын ұйымдастырған күдікті ретінде Андрей Ковальчукті тұтқындады. Бұл туралы оның адвокаты Владимир Жеребенковтың хабарламасына сілтеме жасап РБК хабарлады.


Ірі мөлшеде есірткі контрабандасына қатысты күдікті ұсталды

суретте Аргентинадағы Ресей елшілігінен табылған кокаин орамасы

ERNUR.KZ. Берлин іргесінде полиция Аргентинадағы Ресей елшілігі арқылы кокаин контрабандасын ұйымдастырған күдікті ретінде Андрей Ковальчукті тұтқындады. Бұл туралы оның адвокаты Владимир Жеребенковтың хабарламасына сілтеме жасап РБК хабарлады.

«Түнде полиция келіп, тұтқындады. Біз экстрадициялау туралы мәселе көтерілетінін айттық»,- деді адвокат. «Енді экстрадиция мәселесімен айналысатын жергілікті адвокат іздейміз. Келесі аптада өзім сол жаққа ұшамын, қорғауды сол жерде ұйымдастырамыз»,- деп толықтырды Владимир Жеребенков.

Сонымен бірге Андрей Ковальчуктің қорғаушысы «мән-жайды толық анықтағысы келетін неміс полициясының заң аясында әрекет кеткенін» атап өтті.

Мұның алдында МәскеEдің Тверской соты Андерй Ковальчукті тұтқындау туралы сырттай қаулы шығарған. Ал, Ресей билігі оған халықаралық іздеу жариялады. Сол кезде Ковальчук адвокаты арқылы мұны біреулердің әдейі ұйымдастырған «қақпаны» екенін мәлімдеген болатын.

Аргентинаның тәртіп сақшылары Буэнос-Айрестегі Ресей елшілігі аумағынан 12 чемодан кокаин тапқанын хабарлаған болатынбыз. 389 келі есірткі 360 пакетке салынған.