Израиль Ливанға тағы да әуеден соққы жасады

0
62

​Бейрутта Израильдің әуе соққысынан кемінде 20 адам қаза тапты.


Израиль Ливанға тағы да әуеден соққы жасады

Фото: Mahmoud Zayyat/AFP via Getty Images

ERNUR.KZ. Израиль әскері Ливанның астанасы – Бейрут қаласына әуеден соққы жасады. Шабуылдың мақсаты «Хезболла» ұйымының жоғары лауазымды басшысы болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Израильдің Қорғаныс армиясы «Хезболла» бас штабы бастығының міндетін атқарушы әрі ұйымдағы екінші маңызды тұлға саналатын Али Табатбаяға қастандық жасауға әрекеттенді. Шабуыл Бейруттың Дахия ауданындағы оның жасырынған орынжайына бағытталған. Шабуыл нәтижесі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, «Хезболла» – Ливанда әрекет ететін әскери-саяси ұйым. Ол шиит қауымдастығының (ел халқының үштен бірі) мүддесін қорғай отырып, саяси партия, қарулы жасақ және әлеуметтік құрылым функцияларын қатар атқарады. «Хезболла» АҚШ, Израиль, Еуроодақ және бірқатар араб елдерінде террористік ұйым деп танылған.

«Израиль өз мақсаттарына жету үшін кез келген жерде және кез келген уақытта әрекет етуге дайын», — деп мәлімдеді Нетаньяху кеңсесі.