Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтатылады

0
506

Палестина ХАМАС қозғалысының содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200-ден астам адамды өлтіріп, 240-қа жуық адамды кепілге алды.


Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтатылады

ERNUR.KZ. Израиль үкіметі мен ХАМАС бірнеше сағаттық келіссөзден кейін 7 қазанда кепілге алынған израильдік тұтқындардың бір бөлігін босату, әскери қимылдарын тоқтату және жауап ретінде палестиналық тұтқындардың бір бөлігін Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады, деп жазады ulysmedia.kz.

Келісімнің мәні

  • ХАМАС содырлары израильдік 50 тұтқынды – тек азаматтық тұлғаларды, әйелдер мен балаларды босатуы керек.
  • Израиль Газа секторындағы атысты тоқтатады – ол төрт күнге жалғасады. Бітімге келу осы мерзімнен одан ары ұзартылуы мүмкін: кепілге алынған әр 10 адам үшін тағы бір күн қосылады.
  • Израиль түрмелерден 150-ге жуық тұтқынды – палестиналық әйелдер мен кәмелетке толмағандарды босатады.
  • Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанармай тиейтін жүк көліктері жіберіледі (олардың саны 300 болады деп хабарланған).

Кейбір мәліметтер бойынша, жоспарға сәйкес, атыс тоқтатылатын 4 күнде ХАМАС "кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді" босатады.

Алғашқы тұтқындар 23 қарашада босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп болжануда. Күніне шамамен 12 тұтқын жіберіледі.

Заң бойынша, жұртшылық белгілі бір адамды босатуы үшін өтініш беруге 24 сағат уақыт кетеді.

ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс

Палестина ХАМАС қозғалысының содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200-ден астам адамды өлтіріп, 240-қа жуық адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс армиясы шабуылға жауап ретінде Газа секторына әуе шабуылдарын, содан жердегі операцияны бастады. Палестина тарапының мәліметі бойынша, Газа секторында 7 қазаннан бастап 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.