Камбоджада автобус өзенге құлап, 13 адам қаза тапты

0
38

Камбоджаның орталық бөлігіндегі Кампонгтхом провинциясында бейсенбі күні таңертең автобус көпірдегі қоршауға соғылып, өзенге құлаған.


Камбоджада автобус өзенге құлап, 13 адам қаза тапты

Фото: x.com/RFI_Km

ERNUR.KZ. Көлік апаты салдарынан 13 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

Автобус Ангкор-Ват ғибадатханалық кешені орналасқан Сиемреалдан ел астанасы Пномпеньге қарай келе жатып, Кампонгтхом орталық провинциясында таңсәріде апатқа ұшыраған. Бұл туралы аудан полициясының орынбасары Сив Сованна хабардар етті.

Оның айтуынша, автобустың ішіндегі барлық жолаушылар Камбоджа азаматтары.

Сив Сованнаның сөзіне сүйенсек, тергеу анықтағандай, жүргізушінің Сиемреаптан түнде шыққанда-ақ ұйқысының шала болғаны анықталған, ал бұл жол әдетте шамамен бес жарым сағатқа созылады. Аудан полициясының орынбасары жүргізушінің қаза тапқандар қатарында бар, не жоқ екенін нақтыламады.

Аталған автобуста шамамен 40 жолаушы болған деп болжанып отыр, ал бейсенбі күні құтқарушылар өзге де құрбандарды іздеуді жалғастырды.

Сив Сованнаның айтуынша, қаза тапқандардың денесі апат болған жерге жақын ауруханада туыстары алып кеткенше сақталады.