Жер сілкінісінің ошағы Петропавловск-Камчатскийден 123 шақырым қашықтықта, 46,8 шақырым тереңдікте тіркелген.
Фото: BAQ.kz
ERNUR.KZ. Камчатка түбегіндегі елді мекендерде жерасты дүмпулері сезілді, деп жазады BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Петропавловск-Камчатскийден 123 шақырым қашықтықта, 46,8 шақырым тереңдікте тіркелген. Магнитудасы – 6,3.
Камчаткадағы цунами туралы бақылау және ескерту орталығының есептеуінше, Тынық мұхиты акваториясында болған жер сілкінісінен кейін цунами толқындарының келуі ықтимал:
- Алеут муниципалды округіне – 26 см-ден аспайды;
- Усть-Камчатск муниципалды округіне – 37 см-ден аспайды;
- Петропавловск-Камчатск қалалық округіне – 9 см-ден аспайды.
Сонымен қатар Маячный мүйісі мен Халактыр жағажайына дейін 120 см-ге жететін толқын қаупі бар.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға мынадай нұсқаулық берді:
- Жағалауға жетуі мүмкін толқындардың биіктігі аса үлкен емес, бірақ бәрібір жағалаудан алыстау қажет.
- Цунамиді көру үшін әдейі теңіз жағасына бармаңыз, бұл қауіпті!
- Теңіздегі кемелерге: егер ашық рейдте, кең кіреберісті қойнауда немесе айлақ маңында тұрса, 50 метрлік изобатаға дейін мұхитқа шығу керек. Бағытты жағалау сызығына перпендикуляр ұстау қажет.