Ключевский жанартауы — Еуразиядағы ең белсенді жанартау. Бұл диаметрі шамамен 700 метр болатын шың кратері бар конус.
Фото: ТАСС
ERNUR.KZ. Камчаткадағы Ключевский жанартауы оянып, одан 7,2 шақырым биікке күл-тозаң ұшты, деп жазады inform.kz.
Ақпаратты Ресей ғылым академиясы Жанартау және топырақтану институтының Камчатка жанартауының атқылауына қарсы әрекет ету тобы хабарлады.
— Вулкандық бұлт 7,2 шақырым биіктікке дейін жетті. Күл шоғыры жанартаудан 57 шақырымға созылды, — дейді ғалымдар.
Олар Ключевскийге қызғылт-сары авиациялық қауіптілік коды берілгенін айтты. Қазір аумақта белгілі бір мөлшерде жанартау күлі бар бу және газ белсенділігі жүріп жатыр. Бұл төмен ұшатын ұшақтарға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ күлдің ұшу биіктігі 10 шақырымға дейін жету қаупі бар.
Ключевский жанартауы — Еуразиядағы ең белсенді жанартау. Бұл диаметрі шамамен 700 метр болатын шың кратері (шұңқыр - ред.) бар конус. Жанартаудың баурайында 80-ге жуық қайталама жарылыс шұңқырлары мен шлак конустары бар.
Айта кетейік, кеше Камчаткада 24 сағат ішінде 7 жер сілкінісі тіркелді.