92 жастағы мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2025 жылдың 12 қазанында өтетін сайлауға қатысатынын жазды.
Фото: wikipedia
ERNUR.KZ. Камерун президенті Поль Бийя кезекті президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
92 жастағы мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2025 жылдың 12 қазанында өтетін сайлауға қатысатынын жазды.
— Сіздерге қызмет етуге деген менің ынтам — қазіргі қиындықтармен тең дәрежеде. Біз бірге кез келген кедергіні еңсере аламыз, — деп жазды Поль Бийя.
Бұған дейін Камерун Ұлттық ассамблеясының төрағасы Кавайе Йеги Джибриль Бийяны елдің солтүстік аймағынан кандидат ретінде ұсынғанын мәлімдеген болатын.
Поль Бийя 1982 жылдан бері билікте отыр. 2019 жылдың 25 шілдесінен бастап Поль Бийя әлемдегі ең қарт қызметтегі президент болып саналады. Ал 2022 жылдың 8 қыркүйегінен бері, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болғаннан кейін, ол әлемдегі ең егде жастағы қызметтегі мемлекет басшысы атанды.
Камерун Конституциясы президенттікке үміткердің жасына немесе мерзім санына шектеу қоймайды, бұл Бийяға сегізінші мерзімге қатарынан қатысуға мүмкіндік береді.