Тамыздың басында Талибан (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдап, 15 тамызда Кабулға басып кірді, келесі күні соғыс аяқталды деп мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Ауғанстаннан 40 мың босқын қабылдайтыны туралы мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұған дейін иммиграция министрі Марко Мендицино Канада ең әлсіз топтардан 20 мыңнан астам ауған азаматтарын қабылдайтыны туралы айтты.
"Канада 40 мың босқын қабылдайды және басқаларды босқындардың қауіпсіз қоныс аударуына қолдау көрсетуге шақырамыз", - деп жазды Трюдо Twitter-де.
Тамыздың басында Талибан (Қазақстанда "Талибан" қозғалысына тыйым салынады) Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдап, 15 тамызда Кабулға басып кірді, келесі күні соғыс аяқталды деп мәлімдеді. Тамыздың кейінгі екі аптасында АҚШ әскери күштері қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс елдерінің азаматтары, олармен жұмыс істеген ауғандықтарды жаппай эвакуациялау жүзеге асырылды.
31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабул әуежайынан шықты. Қыркүйектің басында Ауғанстан Уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны "Талибанның" алғашқы билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бастап БҰҰ санкцияларына ұшыраған Мохаммад Хасан Ахунд басқарады.