Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

0
87

Жараланғандардың жетеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді.


Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Британдық Колумбия провинциясының Белла-Кула атты шалғай елді мекенінде гризли аюы мектеп оқушыларына шабуыл жасады. Нәтижесінде үш баланы қоса алғанда 11 адам жарақат алды, деп жазады zakon.kz.

Жараланғандардың жетеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді. Олар қазір дәрігерлердің бақылауында. ABC мәліметінше, бірнеше мұғалім аюды тоқтату үшін арнайы бүріккіш пен үркіткіш құрал қолданған.

Өз кезегінде, билік өкілдері мен Британдық Колумбия премьер-министрі Дэвид Эби зардап шеккендерге қолдау білдіріп, мұғалімдердің ерлігіне алғыс айтты.

Аю әлі табылған жоқ. Тұрғындарға үйлерінен шықпауға және орман соқпақтарымен жүрмеуге кеңес берілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жануар бұған дейін жарақаттанған болуы мүмкін.

Британдық Колумбияда шамамен 15 000 гризли аюы бар, бұл – Канададағы жалпы популяцияның жартысынан астамы.