Катар әуе кеңістігін ашты

0
163

Катардың Азаматтық авиация басқармасы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның Таяу Шығыстағы АҚШ базасына жасаған соққыларынан кейін елдің әуе кеңістігінің қайта ашылғанын хабарлады.


Катар әуе кеңістігін ашты

Сурет: Х/qatarairways

ERNUR.KZ. 24 маусым күні түнде Катардың әуе кеңістігі ашық деп жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Катардың Азаматтық авиация басқармасы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның Таяу Шығыстағы АҚШ базасына жасаған соққыларынан кейін елдің әуе кеңістігінің қайта ашылғанын хабарлады.

"Бас азаматтық авиация басқармасы Катардың әуе кеңістігінде әуе қозғалысының қайта жанданғанын және жағдайдың қалыпты деңгейге оралғанын жариялайды", – делінген мәлімдемеде.

Сурет: Х/qatarairways

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, БАӘ және Бахрейннің әуе кеңістіктері жабық.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі отандастарына Таяу Шығысқа бұрын жоспарланған барлық сапарларын қайта қарауды қатаң түрде ұсынғаны жайлы жазғанбыз.