Әдетте қыстың күні де мұз қатпайтын Ыстықкөлде болып жатқан табиғи өзгерістер жергілікті билікті алаңдатып отыр.
ERNUR.KZ. Бұл Қырғызстанда ауа температурасының күрт төмендеуімен байланысты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әдетте қыстың күні де мұз қатпайтын Ыстықкөлде болып жатқан табиғи өзгерістер жергілікті билікті алаңдатып отыр. Тұрғындар да мұндай өзгерісті бұрын-соңды көрмеген.
Еске салайық, Ыстықкөл әлемдегі 7-ші терең көл саналады. Ал көлемі бойынша – 10-шы, тұздылығы бойынша Каспийден кейінгі – 2-ші орында тұр. -
«14 қаңтарда көл қатып қалды. Кейбір жерде мұз қалыңдығы 1,5 метрге жетті. Олар қазір жарылып жатыр. Біз, жергілікті тұрғындар, мұндай нәрсені ешқашан көрген емеспіз. Бұл жаңалық болды», - дейді тұрғын Таалай Орозақұнов.