Айта кеткен жөн, бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.
сурет:kipr.site
ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтары Түркия Республикасы аумағында 90 күн визасыз жүре алады. Бұл туралы елдің президенттік аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады 24.kz.
Оған сәйкес, Түркияға саяхаттаушы Қазақстан азаматтарының Түрік жерінде визасыз жүру мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ бұл тізімге екі көршілес еліміз қосылды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан.
Айта кеткен жөн, бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.