Қазақстаннан барған жемістер жойылды

0
1 379

Жеміс тиелген көлік Қазақстаннан Сургутқа бара жатқан жерінен ұсталды.


Қазақстаннан барған жемістер жойылды

ERNUR.KZ. Қорған облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері санкциялық жемістердің партиясын анықтады. Олар Қорған мен Петуховодағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 22 тоннасының көзін жойған. Бұл туралы жергілікті ведомствоның баспасөз мәслихаты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің Қорған және Түмен облыстары бойынша шекаралық басқармасының хабарлауынша, Қазақстаннан Сургутқа бағыт алған жеміс тиелген жүк көлігі 19 қарашада жергілікті орталықтың маңында ұсталған. Көліктегі 21,5 тонналық алмұрттың Бельгияда өсірілгені анықталды. Ал 20 қарашада Петухово ауданында салмағы 371 кг алма тиеген автокөлік тоқтатылған. Тасымалдаушылардың жемістің қай жерден әкелінгенін растайтын құжаты болмаған.

Жергілікті билік алма мен алмұрт партияларын санкциялық деп танып, олардың көзін жойды.