Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ.
ERNUR.KZ. Кенияда тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам қаза тапты. Синьхуаның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында алты турист пен ұшқыш бар. Аман қалғандар жоқ, деп жазады baq.kz.
Апат қай жерде болды?
Кения полициясының мәліметі бойынша, тіркеу нөмірі 5Y-GYM болатын Eurocopter EC130 B4 тікұшағы Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлады.
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 09:13 шамасында болған. Құқық қорғау органдары борттағы барлық адамның қаза тапқанын растады.
Тікұшақ қайда бағыт алған?
Әуе кемесін Lady Lori чартерлік компаниясы басқарған. Тікұшақ Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Кенияның орталық бөлігінде орналасқан Лойсаба қорығына қарай ұшып бара жатқан.
Себептері туралы не белгілі?
Апаттың себебі әзірге анықталған жоқ. Жергілікті авиациялық билік орындары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
Кения билігінің мәліметінше, бортта жеті адам болған, олардың барлығы қаза тапты.


