Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
ERNUR.KZ. Днепрдегі Героев даңғылында, тұрғын үй жанындағы шабаданнан қыздың денесі табылды. Бұл туралы жұма күні, Днепропетровск облысында Ұлттық полицияның сайтында хабарланды, деп жазады КТК.
Өлген қыз 4 қаңтарда сағат 15: 00-де табылды. Оқиға орнында тергеу тобы, сарапшы жұмыс істеп жатыр.
Алдын-ала сараптамаға сәйкес , әйел шамамен 20-30 жас аралығындағы болуы ықтимал, оның жеке басы анықталып жатыр. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады.