Конгода Эбола індетінің қайта өршіп кету қаупі бар.
Фото: REUTERS/Arlette Bashizi
ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында маймыл шешегімен ауыратын 130-ға жуық науқас ел армиясының M23 тобымен соғысуына байланысты емдеу орталықтарынан қашып кетті. Бұл туралы Actualité хабарлады, деп жазады inform.kz.
– Карантиндік орталықтардан 128 науқас қашып кетті, - делінген хабарламада.
Солтүстік Киву провинциясында M23 шабуылына байланысты бірқатар проблема бар, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үзілген, су мен электр энергиясы жетіспейді.
Ведомствоның мәліметінше, өткен аптада КДР-да маймыл шешегінің 2 707 күдікті жағдайы тіркелген, оның ішінде 516-сы расталып, індеттен 38 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Солтүстік Киву провинциясының астанасы Гома қаласына 26 қаңтардан бері «23 наурыз қозғалысы» (M23) атты топ жақтастары кіргеннен бері қаза болғандар саны 773-ке жеткенін хабарлаған едік.
Сондай-ақ Конгода Эбола індетінің қайта өршіп кету қаупі бар.