Конгода президенттің отбасы 2 миллион долларға салған көпір ашылу салтанатында опырылып түсті (видео)

0
66

Видео тез таралып, қазірге дейін 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған.


Конгода президенттің отбасы 2 миллион долларға салған көпір ашылу салтанатында опырылып түсті (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында 2 миллион долларға салынған жаңа көпірдің ашылу салтанаты өтті. Көпірдің құрылысына ел президенті Феликс Чисекедидің отбасының бір мүшесі басқаратын компания жауапты болған, деп жазады stan.kz.

Африкалық медиа компания Africa Today Media Group X әлеуметтік желісінде көпірдің құлаған сәтін көрсетіп, видео жариялады. Видео тез таралып, қазірге дейін 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған.

Көптен күткен көпір пайдалануға берілген күні-ақ жарамай қалды. Көпірден бірінші болып өтпек болған бір топ адам ашылу салтанаты кезінде суға құлап кетті. “Су жаңа” көпір адамдардың көптігіне төтен бере алмай, опырылып түсті.

Көпір Конго президентінің туысына тиесілі компанияның мамандарымен жобаланып, салынған. Құрылысқа 2,2 миллион доллар жұмсалған. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға қатысты наразылық білдірді. “Келісімшарт қалай жасалған және оның бағасы республикадағы инфрақұрылымға арналған стандартты шығындарға сай келе ме?” деген сұрақтарға жауап таппай дал.

“Бұл көпір 2,2 миллион долларға салынбаған. Оған 100 мың доллар жұмсап, қалған 2,1 миллион долларды қалтасына басқан”, — деп жазды желі қолданушысы.