Көптеген елде YouTube дұрыс жұмыс істемей тұр

0
88

Ютубтың дұрыс жұмыс істемей жатқанын, көбіне АҚШ пайдаланушылары шағымданған.


Көптеген елде YouTube дұрыс жұмыс істемей тұр

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Әртүрлі елдердегі YouTube қолданушылары видео хостингтің дұрыс жұмыс істемей тұрғанына жаппай шағымдануда, деп жазады zakon.kz.

Downdetector сайтындағы мәліметтерге сәйкес, ақау 6 маусымда орын алды, алайда кешкі сағат 20:00 шамасында (Астана уақыты бойынша) шағымдар саны күрт артқан.

Ютубтың дұрыс жұмыс істемей жатқанын, көбіне АҚШ пайдаланушылары шағымданған. Сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Бразилия және басқа мемлекеттердің тұрғындары да хостинг жұмысындағы ақауға наразылық білдірген.

Қызметті пайдаланушылардың көпшілігі видео ашылмай, сайт пен қосымшаның жүктелуінде де проблема барын айтқан.

Бұған дейін YouTube өзінің логотипінің түсін өзгерткен болатын.