Оңтүстік Корея 2026 жылдың маусымынан бастап барлық пайдаланушылар үшін тегін базалық мобильді интернет енгізеді.
ERNUR.KZ. 9 сәуір күні елдің Ғылым және АКТ министрлігі жариялаған жоспарға сәйкес, енді негізгі трафик пакеті таусылғаннан кейін де абоненттер интернетті 400 Кбит/с жылдамдықпен шектеусіз пайдалана алады, деп жазады baq.kz.
Бұл жаңашылдық 7 миллионнан астам адамды қамтиды.
Вице-премьер әрі министр Бэ Кёнхун интернетке қолжетімділік бүгінде базалық қажеттілікке айналғанын атап өтті. Сондықтан мемлекет оны барлық азаматқа кепілдендірмек. Сонымен қатар, бұл қадам деректердің таралуы мен киберқауіпсіздік мәселелерінен кейін телеком операторларға деген сенімді қалпына келтіруге бағытталған.
Операторлар да бірқатар міндеттемелер алды:
5G тарифтерін арзандатып (шамамен 20 мың вон / ~$14 дейін);
егде жастағы пайдаланушыларға арналған пакеттерді кеңейту;
метро мен пойыздардағы Wi-Fi сапасын жақсарту.
Ал үкімет желілік инфрақұрылымды дамытуға және жасанды интеллектке негізделген технологияларды енгізуге қолдау көрсететінін мәлімдеді.


