"Спутник V" вакцинасын әзірлеген мамандар індетке шалдыққан науқастарға нақты не егілгенін тексермек.
ERNUR.KZ. "Спутник V" вакцинасының сынағына қатысқан бірнеше еріктіде COVID-19-ға тапсырған тест оң нәтиже көрсетті, деп жазады sputniknews.kz.
Сынақты жүргізіп жатқан Гамалея орталығы науқастарға нақты не егілгенін анықтайды – нағыз вакцина ма, жоқ әлде плацебо ма (емдік қасиеті жоқ зат).
"Статистика бойынша оң нәтиже көрсеткен ПТР-тестер мен қандай да бір аурулар бар, бірақ оларға плацебо салынуы мүмкін. Алдын ала қорытындыны қарашаның ортасында ғана шығара аламыз", - деді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.
Ол зерттеуге қатысып жатқан еріктілердің жартысы вакцинаның алғашқы компонентін алғанын нақтылады. Тоғыз мыңға жуығы вакцинаны екінші рет салдырды.
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тамызда әлемде алғаш болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Екпе "Спутник V" деп аталады. Вакцина екі компоненттен тұрады.
Екпенің клиникалық сынағы Мәскеуде 7 қыркүйекте басталды, ал 9 қыркүйекте алғашқы қатысушыларға егілді. Зерттеуге барлығы 40 мың ерікті қатысады. Олардың 10 мыңына плацебо егіледі – бұл вакцинаның тиімділігін тексеру үшін қажет.
Сондай-ақ, Ресей вирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" атты екінші вакцина шығарды. Оның тіркеуден кейінгі сынағы жуырда басталады. Сынаққа 40 мың ерікті, соның ішінде 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар қатысады, деп мәлімдеді ведомстводан.