Милиция қызметкері қоғамдық орында түкіргені үшін жауапкершілікке тартылып, 5,5 сом (78 доллар) айыппұл төлейтін болды.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салынған жаңа Кодекс күшіне енді. Осы орайда бірінші болып айыппұл салынғандардың бірі милиция қызметкері болды, деп жазады ria.ru.
Екі күн бұрын әлеуметтік желіде құқық қорғау органының қызметкері қызмет барысында қоғамдық орында түкіргені жазылған бейнеролик тараған болатын. Оның жеке басы бір тәулік ішінде анықталды.
Милиция қызметкері қоғамдық орында түкіргені үшін жауапкершілікке тартылып, 5,5 сом (78 доллар) айыппұл төлейтін болды.
Ал бірінші болып Ыссықкөл ауданының тұрғынына айыппұл салынды. Ол 1 қаңтар күні ұлттық парламент ғимаратына қарай түкіргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.