Олардың барлығы Орталық Азия аймағынан шыққан иммигранттар.
ERNUR.KZ. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан «Крокус сити холдағы» лаңкестік әрекетке қатысы бар үш күдікті ұстады. Бұл туралы РФ ФҚҚ-ның қоғаммен байланыс орталығынан мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«2024 жылғы 22 наурызда«Крокус сити холл» кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат Мәскеу, Екатеринбург, Омбы қалаларында ұсталды. Олардың барлығы Орталық Азия аймағынан шыққан иммигранттар», - делінген хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталғандардың екеуі лаңкестік әрекетте пайдаланылған қару-жарақ пен көліктерді сатып алу үшін ақша аударғаны, үшіншісінің лаңкестік әрекетке сыбайластарды тартуға және оны іске асырушыларды қаржыландыруға тікелей қатысы бар екені анықталды.