​Құрбандар бар: Жапонияда жедел жәрдем тікұшағы теңізге құлады

0
135

Тікұшақ бортында науқастар мен дәрігерлерді қосқанда алты адам болғаны хабарланды.


​Құрбандар бар: Жапонияда жедел жәрдем тікұшағы теңізге құлады
Фото: Видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. 6 сәуірде Цусима аралының маңындағы теңізден жапондық жедел жәрдем тікұшағы табылды, деп жазады inform.kz.

Тікұшақ бортында науқастар мен дәрігерлерді қосқанда алты адам болғаны хабарланды. Олардың үшеуі көз жұмған.

Жапония жағалау күзеті хабарлағандай, бір күн алдын түсте ұшақ диспетчерлерімен байланыс үзілген. Ол кезде тікұшақ Цусима әуежайынан Фукуока префектурасындағы ауруханаға бара жатқан.
Жедел жәрдем шақырылған аурухана тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін он минуттан соң байланыс үзілгенін мәлімдеген.
Жағалау күзеті апаттың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады. Кейінірек тергеуге Жапонияның көлік қауіпсіздігі кеңесінің тергеушілері қосылады деп күтілуде.
Айта кетейік, АҚШ-та жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқанын жазған едік.